Календарь 

 

Онлайн переводчик SANASOFT

 

 

 6- 17 жас аралығындағы оқушылардың дене дайындығы мен дене дамуы деңгейлерін бағалауға қажетті бақылау сынақтары

 

 

Дене дайындығы деңгейін бағалауға қажетті бақылау сынақтары

 

1 Жылдамдықты бағалауға қажетті бақылау сынағы (жылдамдық қабілеттілігі)

 

-         жоғарғы стартамен 60 метрге жүгіру;

 

қажетті құралдар:  секундтық он бөлшегіне дейін ескеретін секундомер, ұзындығы 30 метр тегіс жүгіру алаңы.

 

Жүргізу ережесі :   жүргізушінің «Сөреге» деген командасы бойынша оқушы сөре сызығына келіп жоғарғы стартқа тұрады, сонан соң жүргізушінің «Марш» командасы берілгенде оқушы 60 метр қашықтықты өте жоғары жылдамдықпен жүгіріп өтуі керек. Секундомер «Марш» командасы берілгенде қосылып, оқушы мәре сызығын қиып өткенде сөндіріледі.

  Нәтиже:  - 60 метрге жүгіру уақыты (жылдамдық көрсеткіші) он бөлшек секундна дейін дәлелдікпен алынған.

 

2. Жылдамдық – күшін бағалауға қажетті бақылау сынағы

-   орнынан екі аяқпен ұзындыққа секіру;

 

қажетті құралдар:   өлшеу лентасы, белгіленген секіру алаңы.

 

Жүргізу ережесі:   жүргізушінің командасы бойынша оқушы белгіленген секіру алаңына келіп қалыпты секіру жағдайына тұрады, - жартылай отырады, екі табаны паралеллді, қолдары тіке артында, сонан соң кеудемен алға қарай ұмтылып қолын қатты сермеп екі  аяғымен итеріліп, ұзындыққа секіруді орындайды. Оқушыға бірінен соң бірін 3 рет орындау беріледі. Ең жоғарғы көрсеткіш зерттеу хаттамасына тіркеледі.

 

Нәтиже:    оқытушы аяқ киімінің басы орналасқан секіру сызығымен, секіргеннен кейінгі ең жақын түскен дене бөлімінің, ара қашықтығы сантиметрмен алынады.

 

3. Күшті бағалауға қажетті бақылау сынағы (күш қабілеттіліктері)

- жоғарғы гимнастикалық аспа темірге ілініп тұру жағдайында тартылу (ұлдар).

 

қажетті құрал : жоғарғы гимнастикалық аспа темір.

 

Жүргізу ережесі:  Жүргізуші командасы бойынша оқушы екі иығының шеңберінде аспа темірдің жоғарысынан ұстап (алақандары алға қарайды), екі аяғын жерге тигізбей тіке қолдарымен ілініп тұрады. Содан соң оқушы өзінің максималды мүмкіншілігіне дейін тартылуды бастайды.

 

Нәтиже:  дұрыс тартылу саны (оқушының иегі аспа темірдің үстінде болғанда тартылу дұрыс деп есептеледі).

 

 

-Төменгі гимнастикалық аспа темірге жатып ілініп тұру жағдайында тартылу (қыздар).

 

Қажетті құрал :   төменгі гимнастикалық аспа темір;

 

Жүргізу ережесі:   гимнастикалық аспа темір сынама өтетін оқушының кеудесінен келетін етіліп орналастырылады. Жүргізушінің командасы бойынша оқушы екі иығының шеңберінде аспа темірдің жоғарысынан ұстап (алақандары алға қарайды)аспа темір астына тіке қолдары мен кеудесінің арасы 90 С болғанша түседі. Сонан соң кеудесі мен аяғының тіке жағдайын сақтап өзінің максималды мүмкіншілігіне дейін тартылуды бастайды.

 

Нәтиже: дұрыс тартылу саны (оқушының иегі аспа темірдің үстінде болғанда тартылу дұрыс деп есептеледі).

 

4. Иілгіштікті бағалауға қажетті  бақылау сынағы (иілгіштік қаблеттілігі)

- екі аяқты алға созып отырған жағдайда кеудені алға- төмен еңкейту (5-6 жас, ұлдар, қыздар)

 

Қажетті құралдар :   өлшеу рулеткасы, гимнастикалық отырғыш.

 

 Жүргізу ережесі:      сыналушы жүргізушінің командасы бойынша сынақ алаңына шығып екі аяғын алға созып табанын жарға тіреп еденге немесе гимнастикалық отырғышқа отырады, сонан соң аяқтарын, тізе буындарын да бүктеп, кеудесін бар мүмкіншілігіне қарай алға – төмен енкейтуді бастайды.

 

Нәтиже:   иілу деңгейінің көрсеткіші сыналушының кеудесі  мен еден арасындағы қашықтық (сантиметрмен алынады).

 

-         Екі аяқта тұру жағдайында кеудені алға – төмен еңкейту (7- 17 жас, ұлдар, қыздар).

 Қажетті құралдар: гимнастикалық отырғыш немесе куб биіктігі 50 см; өлшеу линейкасы.

 

Жүргізу ережесі:  сыналушы жүргізушінің командасы бойынша өлшеу линейкасы бекітілген гимнастикалық отырғыш немесе кубтың үстіне шығып тұрады, сонан соң аяқтарын тізе буынында  бүкпей, екі қолын алға созып, саусақтарын тіке ұстап, кеудесін бар мүмкіндігінше максималды алға – төмен еңкейтеді, еңкейту кезінде екі қол саусақтарының ұшымен өлшеу линейкасының жылжымалы пленкасын төмен қарай бірге итереді.

 

Нәтиже:  иілгіштік өлшеу линейкасындағы жылжымалы пленканың «0» нүктесінен қанша сантиметр жылжығандығын анықтау арқылы алынады. Егерде өлшеу линейкасындағы жылжымалы пленка отырғыш немесе кубтың үстіне (ноль нүктесі) жетпесе, онда ол минус болып бағаланады, ал ноль нүктесінен төмен түссе онда плюс болып бағаланады.

 

 

5. Ептілікті бағалауға қажетті бақылау сынағы (ептілік қабілеттілігі).

- Қарама – қарсы 3х10 метрге жүгіріс;

 

Қажетті құралдар :    секундомер, тегіс жүгіру алаңы. Арасы 10 метр болатын екі параллельді сызықпен белгіленген.

 

Жүргізу ережесі:    сыналушы, жүргізушінің «дайындал» командасы бойынша сөре сызығына келіп жоғарғы старт жағдайына тұрады. Сонан соң жүргізушінің «Марш» командасы бойынша сыналушы 10 метрді максималды жылдамдықпен жүгіріп, келесі белгіленген сызыққа барып қойылған кубиктің  таңдаған                жағынан айналып өтіп жүгіруді  тоқтатпай бастаған сызығына қайта келіп, тағы да кубикті айналып өтіп соңғы 10 метрін жүгіре отырып мәреге жетеді. Секундомер «марш» командасы берілген кезде қосылып, мәре сызылған қиып өткен кезде тоқтатылады.

         Нәтиже – қарама-қарсы 10 метрді жүгіру уақыты секундпен алынады.

6. Шыдамдылықты бағалауға қажетті бақылау сынағы, (шыдамдылық қабілеттілігі).

6 – минут  жүгіріс.

Қажетті құралдар:  секундомер, сықырғыш, жүгіруге арналған тегіс спорт алаңы немесе жүгіру жолы.

         Жүргізу ережесі: Сыналушы жүргізушінің «дайындал» командасы бойынша сөре сызығына келіп жоғарғы старт жағдайына тұрады. Содан соң жүргізушінің «марш» командасы бойынша, сыналушы максималды жылдамдықпен 6 минут ішінде тұрмастан көп қашықтықта жүгіріп өтуге тырысып жүгіреді. 6 минут ішінде жүгірген қашықтығы мұқият дәл есептеледі.

         Нәтиже: 6 минутта тұрмастан жүгіріп өтілген қашықтық метрмен алынады.

 

 

© 2010 г. Дизайн Даулетов Алпамыс Сырымович