ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ МЕН СПОРТ

 

Жекенов С.С - к.п.н., ЗРС

 

        Дене тәрбиесі – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қаблеттерін дамыту мен саулығын нығайтуға бағытталған әлеументтік қызметтерің бір саласы. Жастардың жан – жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайданалатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз.

 

       Біздің елімізде кәсіподақтар бірыңғай ерікті дене шынықтыру – спорт қоғамдары құрылған. Оның негізгі міндеттерінің бірі балалар мен жеткіншектердің арасында дене шынықтыру – сауықтыру және спорт  жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады, өйткені дене тәрбиесінің негізгі балалық және жеткіншектік жаста қаланады. Тек қана осы кезеңде дене жаттығуларымен айналасу қажеттілігі қалыптасады, дағдылар мен іскерліктер жинақталады, спортқа қызушылық қалыптасады.

      Дене жаттығулары, сылап - сипау, қозғалыс және спорттық ойындар, жүру, жүгіру, шынығу, дене еңбегі дене тәрбиесінің құралдары болып табылады.

     Айтылған құралдар өсіп келе жатқан ағза үшін маңызды сауықтыру мәнге ие. Бұл біріншіден дене жаттығуларынын арқасында қоршаған ортаның жағымсыз факторлары мен жұқпалы ауруларға ағзаның қарсылығы артатындығымен түсіндіріледі. Басқа сөзбен айтқанда, денесі, мықты және шыныққан адам сирек ауырады. Екіншіден, өсу мен даму процесі ынталанадырылады, жылуды реттеу реакциясы жетілдіріледі, яғни салқыннан болатын сырқанттауға қарсылық артады. Үшіншіден, ақыл-ой және дене қабілеттерінің артуына себептер болатын шыдамдылық, күш, жылдамдық пен икемділік секілді қасиеттер дамиды. Ақырында, дене жаттығуларымен айналасу жағымды эмоционалды жағдайды, туғызады, сергектік пен сенімділік қолдайды.

      Дене тәрбиесімен шұғылдану кезінде жас, жыныс, ағзаның жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін есепке алынуы керектігі есте болғаны жөн.Басты талаптардың бірі – дене тәрбиесімен спортпен айналысу тәртібін сақтау, яғни олардың жүйелілігін, жүктемелердің біртіндеп арттылуын, сабақ өтілетіндей жағымды жағдайларды әр түрлі құралдар мен формуларды кешенді түрде пайдалану.

    Қозғалыс дегеніміз - өмір деген сөз бар. Шындығында қозғалыс – ағзаның биологиялық қажеттілігі. Күнделікті өмірде адам ең әрі түрлі қозғалыстарды жасайды, олардың жиындық көлемі қозғалыс белсенділігі деп аталады. Жүру кезінде жасалатын адамның саны мен жұмыс көлемінен көрінетін тәуліктік қозғалыс белсенділігі жас өскен сайын артатындығын зерттеулер көрсетіп отыр, әрі бұл көрсеткіштер ер балалар мен қыз балаларда бірдей болмайды. Яғни, 14-15 жастағы қыз балалардың тәуліктік адымының тәрбиесі және спортпен айналасудың нормасы мен режимі ғылыми тұрғыдан негізделген. 15-17 жастағы жасөспірімдердердің тәуліктік қозғалыс белсенділігі 25-30 мыңды құрау мүмкін, ал 15-17 жастағы қыз балаларда жүру мен жүгіру еңбек пен спорттық қызмет барысында орындалатын өзге қозғалыстармен алмастырыулы мүмкін.

   Қалыптасқан өмір салты, еңбек ету мен дене тәрбиесінің жүйесі балалар мен жеткеншектердің күнделікті қозғалыс белсенділігін өзгертуі, не төмендетуі, не оны арттыруы мүмкін. Кіші жастағы балаларды тәуліктік қозғалыс белсенділігі көп жағдайда тұқым қуалаушылық негізде қалыптасатын, биологиялық себептермен реттеледі. Үлкен жастағы балаларда әсересе жеткіншектерде, ол әлеументтік жағдайлардың әсерімен қоғамдық тәрбие беру барысында жекелей қалыптасады.

   Қозғалыс белсенділігінің де өлшемі бар. Тәулік қозғалыс белсенділігінің сандық сипаттамасына ие бола отырып, оның ағзаға әсер етуі туралы алдын ала айтуға болады. Тәуліктік қозғалыс белсенділігінің ең төменгі қажетті және  мүмкін болатын жоғары деңгейі гигиеналық норманың шектері болады; ол бұзылса сауықтыру тиімділігі болмайды және ағза жағдайында жағымсыз өзгерістер дамуы мүмкін.

  Қозғалыстың жетіспеуін «гипокинезия» (гиподинамия) атауы, ал бұл ретте туындайтын ағзадағы көп жақты ауытқушылықтар гипокинезия жағдайын білдіреді. Шектен тыс қозғалыс белсенділігін  «гипокинезия» атауы білдіреді.

   Сөйтіп, қозғалыс белсенділігі адам қызметінің тапатырмайтын факторы бола отырып. тек оңтайлы көлемде және қолайлы күн режимінде ғана өсіп келе жатқан организмге сауықтыру әсерін тигізеді.

   Дене тәрбиесі мен спортты балық құралдары мен түрлерін дұрыс пайданалу арқылы ғана оңтайлы қозғалыс белсенділігіне жетуге болады. Мектепке дейінгі мекемелердегі, мектептердегі және КТМ – дегі оқыту мен тәрбиелеу бағдарламаларымен қарастырылған дене дайындығының міндетті түрлері және үйде дербес шұғылдану әрбір оқушыға қолайлы.

      Қозғалыс белсенділігіне жеткіншектерде тұрақты қажеттілікті қалыптастыруда спорттық рөлі зор. Алайда, шама жетпейтіндей спорттық  жүктемелер  бала ағзасында жағымсыз өзгерістерді туындатуы мүмкін. Дәрігерлік дене шынықтыру диспансерлерінің көптеген мамандары жас спортшылар денсаулығын қорғайтындықтан мұндай құбылыстар сирек болса да кездесетіндігін білген жөн.

     Балалық жаста спорттық кез келген түрімен айналыса беруге болмайды. ҚР - сы Білім, денсаулық және спорт министрлігінің дене тәрбиесімен спорт комитеті бекіткен, жеке спорт  түрлері  бойынша оқу – жаттығу топтарына балалар мен жеткіншектерді қабылдау үшін жас шектері бар.

  Тәулік қозғалыс белсенділігінің ұсынылып отырған көлемі сергектің (ұйықтамаған уақыттың) барлық кезеңіне бірқалыпты бөлінуі керек; ағзаның тәуліктік ырғағына сәйкес қозғалыстың көп бөлігін 9-12 және 15-18 сағаттардың арасында орындау керек.

 

© 2010 г. Дизайн Даулетов Алпамыс Сырымович