Атырау облысы 1-10 сынып мектеп оқушыларының спорттық-

интеллектуалды эстафета ойындары

 С.С.Жекенов – п.ғ. к., Ұ.А. Нуркешева – ізденуші.

Атырау аймақтық дене тәрбиесін және спортты дамыту орталығы

 Түйінді сөздер:  спорттық-интеллектуалдық эстафета, синситивтік даму кезең,

                              патриоттық.

                 Облысымыздың білім беру саласындағы дене тәрбиесінің жаңа ақпараттық – инновациялық технологияларды енгізу бөлімдерінің бірі–(1-10 сынып) мектеп оқушылары арасында оқушылардың дене,  антрометриялық, психологиялық, ақыл-ой дамуын жетілдіруге арналған ойын болып табылады.

    Атырау аймақтық дене тәрбиесін және спортты дамыту орталығы  (1-10 сынып)

мектеп оқушылары арасында «Болашаққа білімді, дені сау ұрпақ» ұранымен спорттық-интеллектуалды эстафетаның бағдарламасын жасап, 2008 жылдан бері 8-ші рет облыстық деңгейде өткізілді. Бірінші кезең – қала, аудандардың мектепішілік, 2-ші топтық, 3-ші аудандық (қалалық), 4-ші облыстық. Соңғы екі жылда жаңа инновациялық технология  енгізіп компьютерді, интереативтік тақтаны қолданып өткізілді.

            Бұл спорттық-интеллектуалды эстафета ойыны баланың синситивтік кезеңін ескере отырып билолгиялық, зияткерлік, (интелектуалдық) эмоционалдық, психологиялық денсаулығын нығайту мен дамытуға, дене шынықтыру әдісі арқылы физиологиялық дамуға, ағза бұлшық еттерін, ішкі органдарын, қан айналыс және тыныс жүйесін, ми есін, қимыл –қозғалыс үйлесімдігін, ағза иілгішін, жылдамдықты дамытуға және мектеп тынысына биімделуге (адаптация) ықпал етеді. Сонамен қатар мұндай эстафеталардың педагогикалық тәрбиесі зор. Қоршаған ортаны қабылдау, ұжымдық, патриоттық сезімді дамытуға, өзін тұлға ретінде сезінуге жауапкершілікті тәрбиелеуге, сыртқы нақтылыққа биімделуге әсерін тигізеді.

Спорттық-интеллектуалды эстафетаның мақсаты:

         1. Дене тәрбиесі және спорт бөлімдерін жаттығу қолдану арқылы жалпы білім беру үрдісіне пәндік білімді меңгеру әдістерін ұсыну және қолданысқа енгізу;

2. Оқушының спортқа, білімге деген қызығушылығын ояту және салауатты

өмірін қалыптастыру;

          3. Ой-өрісін дамыту арқылы отан сүйгіштік, ұжымшылдық, жауаптылық сезімдерін арттыру;

          4. Атырау облысының жалпы білім беретін мектептері арасында достық қарым – қатынасты нығайту.   

Спорттық-интеллектуалды эстафетаның  бағдарламасы       

                         1 сынып

 Спорттық тапсырма:   бір  қатарда  ара қашықтығы  2 метрден бес жерде орналасқан дөңгелек айналмаларды  (гимнастикалық  обруч) қатынасушы кезекпен- кезек басынан   аяғына     дейін өткізеді, сонан соң компьютерге дейін  жүгіріп барады. 

  


 

          2  метр                   2 метр                  2 метр                2 метр                2 метр

        

Ителлектуалдық тапсырма:  мониторда көрсетілген ұяшықтағы бір нөмерді таңдап, жалпы білім беретін пәндер сұрақтарына дұрыс жауап береді.                                                                                                                                                                       

Спорттық тапсырма:  интеллектуалдық тапсырманы орындағаннан кейін, жоғарыдағы спорттық тапсырманы кейін қарай  орындап,  өз командасына жүгіріп оралады.

2 сынып

Спорттық тапсырма: қатынасушы матадан жасалған туннельден  өтіп,  кеглидің арасымен жүгіріп, компьютерге  дейін  барады.

Интеллектуалдық тапсырма: мониторда көрсетілген ұяшықтағы бір нөмірді таңдап, жалпы білім беретін пәндер сұрақтарына дұрыс жауап береді.

 Спорттық тапсырма: интеллектуалдық тапсырманы орындағаннан кейін, спорттық тапсырманы кейін қарай қайта орындап,  өз командасына жүгіріп қайтады.

 3 сынып

Спорттық тапсырма:  қатысушы  айналманың (обруч) ортасындағы допты қолына алып, еденде (полда) жеті шаршыдан (квадрат) сызулы тұрған «классик» ойынының үстімен секіріп, бірінші шаршыға бір аяқпен секіріп, содан кейінгі параллель орналасқан екі шаршыға 2 аяғын тең орналастыра түсуі тиіс, дәл осылай қалған шаршылардан өтіп шығып, айналманың ішіне допты салады да,  компьютерге дейін жүгіріп барады.

 

7

 

5

6

 

4

 

2

3

 

1

 

       

 

  

 

           

 

 Интеллектуалдық тапсырма: мониторда көрсетілген ұяшықтағы бір нөмірді таңдап, жалпы білім беретін пәндер сұрақтарына дұрыс жауап береді.

Спорттық  тапсырма:  интеллектуалдық тапсырманы орындағаннан кейін, спорттық тапсырманы кейін қарай қайта орындап,  өз командасына жүгіріп қайтады.

4 сынып

Спорттық тапсырма: гимнастикалық секіртпемен (скакалка) басынан бастап аяғынан айналдыра секіріп, ортадағы сызыққа дейін жүгіріп барады, кейін секіртпені айналманың (обруч)  ортасына тастап, компьютерге дейін жүгіріп барады;                  

Интеллектуалдық тапсырма: экранда көрсетілген екі таңбалы сандарды есте  сақтап,

 (мысалы: 49, 53, 85, 96 т.б)  мониторға жазады.

Спорттық тапсырма: қапшықты беліне дейін киген күйінде командасына секіріп қайтады.

                                                                    5 сынып

Спорттық тапсырма: самокатты тебе отырып кеглидің арасымен өту арқылы алаңның ортасына жеткенде, самокаттан түседі де, компьютерге  дейін жүгіреді;                  

Интеллектуалдық тапсырма: экранда көрсетілген үш таңбалы сандарды есте  сақтап,  (мысалы: 473, 572, 584, т.б.) мониторға жазады.

Спорттық тапсырма:  интеллектуалдық тапсырманы орындағаннан кейін, спорттық тапсырманы кейін қарай қайта орындап,  өз командасына жүгіріп қайтады.                 

                                                                       6 сынып

Спорттық тапсырма: қатысушы хоккей клюшкісімен допты кеглилердің арасымен жылжытып алаңның ортасына дейін барады, клюшкімен допты айналманың ішіне салады да, компьютерге дейін жүгіріп барады;

Интеллектуалдық тапсырма:  мониторда көрсетілген ұяшықтағы бір нөмірді таңдап, жалпы білім беретін пәндер сұрақтарына дұрыс жауап береді;

Спорттық тапсырма:   баскетбол добын кеглидің арасымен жерге соға жүгіріп, содан кейін айналымның ішіне допты   салады да, өз командасына жүгіріп қайтады.

                                                                      7 сынып

Спорттық тапсырма:  гимнастикалық матыға дейін   жүгіріп барып, 2 рет баспен алға қарай домалап, содан кейін  ағаш аттан (козелдан) секіреді де, компьютерге дейін жүгіріп барады;           

Интеллектуалдық  тапсырма:  мониторда көрсетілген ұяшықтағы бір нөмірді таңдап, жалпы білім беретін пәндер сұрақтарына дұрыс жауап береді;

Спорттық тапсырма:  интеллектуалдық тапсырманы орындағаннан кейін, спорттық тапсырманы кейін қарай қайта орындап,  өз командасына жүгіріп қайтады.

 8 сынып

Спорттық тапсырма: футбол добын кеглидің арасымен аяғымен алға жылжыта теуіп, ортадағы сызыққа дейін барады,  допты қолмен айналманың ішіне салады, содан кейін компьютерге дейін жүгіріп барады;                      

Интеллек тапсырма:  мониторда көрсетілген ұяшықтағы бір нөмірді таңдап, жалпы білім беретін пәндер сұрақтарына дұрыс жауап беруі керек;

Спорттық тапсырма:  интеллектуалдық тапсырманы орындағаннан кейін,  баскетбол добын жерге соға жүгіріп келіп, бір мәртеден себетке (кольцо) дәл тигізуі керек.               

                                                                  9 сынып

Спорттық тапсырма: Ұлдар бір орында тұрған  күйінде мәлікті  қолымен жоғарыға лақтырып, бір мәртеден 5 рет аяқпен тебеді, содан кейін бір қатарда құрылып тұрған асықты тигізгенге дейін  үш мәрте  атады да, компьютерге дейін жүгіріп барады;   

                               Қыздар бірден жетіге дейін сызулы тұрған шаршы  классик ойынын бір аяқпен макты жылжытып, соңғы жетінші шаршыға  дейін апарып шығарады, кеглидің арасымен теннис ракеткасымен үрулі тұрған шарды  соғып барады да, айналмаға шарды қойып, компьютерге дейін жүгіріп барады;      

 

7

 

5

6

 

4

 

2

3

 

1

 

       

                 

 

 

 

 

  

Интеллек тапсырма:    мониторда көрсетілген ұяшықтағы бір нөмірді таңдап, жалпы білім беретін пәндер сұрақтарына дұрыс жауап беруі керек;

Спорттық тапсырма:  интеллектуалдық тапсырманы орындағаннан кейін, спорттық тапсырманы кейін қарай қайта орындап,  өз командасына жүгіріп қайтады.

                                                      10 сынып

Спорттық тапсырма: ұлдар, қыздар мәреде тұрған противогазды киіп, үстелге дейін жүгіріп келеді, противогазды шешіп сөмкеге салады да, Калашников автоматын толық емес бөлшектеуді жүзеге асырады, содан кейін компьютерге дейін жүгіріп барады;

Интеллектуалдық тапсырма:  мониторда көрсетілген ұяшықтағы бір нөмірді таңдап, жалпы білім  беретін пәндер сұрақтарына дұрыс жауап беруі керек;

Спорттық тапсырма:  интеллектуалдық тапсырманы орындағаннан кейін, спорттық тапсырманы кейін қарай қайта орындап,  өз командасына жүгіріп қайтады.                  

Ескерту: Жарысқа  1-10 –шы сыныптардан 1 ұл, 1 қыздан қатынасады. Барлығы: 10 ұл, 10 қыз қатысады. Команданың қолдау тобының  (группа поддержка) киімі, плакаттар болуы

керек. Эстафетаны бірінші болып ұл балдар бастайды.

 Пайдаланған әдебиеттер

1.      А.Қ.Құлназаров, С.С.Жекенов – Қазақстан Республикасы дене тәрбиесі және спортты ұйымдастырудың әдістемелік құралы. Алматы, ТОО «Издательство LEM», 2008 г. 240 бет.

2.      Л.И.Орехов, А.К.Кульназаров, В.А.Сарокин, Е.Л.Караваева Основы здорового образа жизни. – Изд. «Арыс» - 2007

 Резюме

Организация здорового образа жизни детей в школьном учреждении.

                

 

© 2010 г. Дизайн Даулетов Алпамыс Сырымович