Атырау облысының мектепке дейінгі мекемелердің спорттық-интеллектуалды эстафета ойындары

Жекенов С.С. –п.ғ.к., Нұрекешева Ұ.А. – ізденуші.
Атырау аймақтық дене тәрбиесін және спортты датыту орталығы
Түйінді сөздер: Мектепке дейінгі мекемелер, спорттық-интеллектуалдық эстафета, көңіл-күй (эмоционалдық)
Облыстың білім беру саласындағы дене тәрбиесінің жаңа ақпараттық инновациялық технологияларды енгізу бөлімдерінің бірі-(4-5 жас) мектепке дейінгі мекемелер балаларының дене, антрометриялық, психологиялық, ақыл-ой дамуын жетілдіру болып табылады.
Атырау аймақтық дене тәрбиесін және спортты дамыту орталығы мектепке дейінгі мекемелер арасында «Болашаққа білімді, дені сау ұрпақ» ұранымен спорттық-интеллектуалды эстафетаның бағдарламасын жасап, 1999 жылдан бері 5-ші рет облыстық деңгейде өткізілді. Бірінші кезең – қала, аудандардың балабақшаішілігі, 2-ші топтық, 3-ші аудандық (қалалық), 4-ші облыстық.
Бұл спорттық-интеллектуалды оэстафета ойыны баланың биологиялық, зияткерлік, (интеллектуалдық) эмоционалдық, психологиялық денсаулығын нығайту мен дамытуға, дене шынықтыру әдісі арқылы физиологиялық дамуға, ағза бұлшық еттерін, ішкі органдарын, қан айналыс және тыныс жүйесін, ми есін, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін, ағза иілгіштігін, жылдамдықты дамытуға және бала-бақшадан мектеп тынысына бейімделуге (адаптация) ықпал етеді. Сонымен қатар мұндай эстафеталардың педегогикалық тәрбиесі де зор. Қоршаған ортаны қабылдау, ұжымдық, патриоттық сезімді дамытуға, өзін тұлға ретінде сезінуге жауапкершілікті тәрбиелеуге, сыртқы нақтылыққа бейімделуге әсерін тигізеді. Мысалы 1-ші эстафета бойынша спорттық ойыны қилыл-қозғалысқа, иілгіштікке, жылдамдыққа үйресте, ал интеллектуалды ойыны сандар мен әріптер жазылған кубиктарды тапсырма бойынша орналастыру тәртібімен қояды. Бұндай ойындар баланың ақыл-есін және көру қабілетін бірдей дамытады.

1. Эстафета

Спорттық - 2 топтың, нөмірлі 1-ші қатысушылары допты алып (иректеліп)орналасқан кеглилер арасымен гимнастикалық скамейкаға дейін жүгіріп келеді де, добын жерге қояды .
Интеллек. - Жүгіріп келген әрбір қатынасушы санды кубиктерді алып, гимнастикалық скамейканың үстіне рет санымен қояды .

12 3 4 5 6 7 8 9 10
Спорттық - математикалық тапсырманы орындап болған соң, интеллектуады добты қолына алып, қайта кеглилер арасымен командасына оралады . Командадағы қалған ойыншылар түгелдей жүгіріп осы ретпен тапсырманы қайталайды.

2. Эстафета

Спорттық – гимнастикалық скамейкаға етпетімен жатып екі қолының көмегімен алға қарай тартылып жылжу арқылы келесі басына жетеді, әрі қарай кубиктер жатқан жерге дейін жүгіріп барады.
Интеллект - сол қанаттағы команда 10- санынан 6-ға дейінгі сандарды, оң қанаттағы команда 5- 1-ге . дейінгі сандарды тігінен жинайды.
61
72
83
94
105
Спорттық – тапсырманы орындағаннан кейін командасына жүгіріп оралады.

3. Эстафета

Спорттық - әр қатынасушы матадан жасалған тунельдің ортасымен өтіп, тұрған допты қолдарына алып, санды жасалған кубиктерге дейін жүгіріп барады.
Интеллект – екі саннан құрастырылған есептің қосындысына немесе айырмасына тен санды кубикті тауып , қорытындысына қояды.
5-4= ; 8-6= ; 9-6= ; 2+2= ; 3+2= ;
3+3= ; 6+1= ; 9-1= ; 5+4= ; 10-10= ;
Спорттық - кері қайтарда допты қолына алып командасына жүгіріп оралады.

4. Эстафета

Спорттық - бір қатарда ара қашықтығы 2 метрден бес жерде орналасқан доңгелек айналмаларды (гимнастикалық кругті) қатынасушы кезекпен басынан аяғына дейін өткізіп, сонан соң әріп жазылған кубиктерге дейін жүгіріп барады, гимнастикалық скамейканың үстіне тапсырма бойынша берілген сөздің қажетті әріпін қояды.
2 метр 2 метр 2 метр 2 метр 2 метр
Ителлект - әрбір бала әріп жазылған кубиктерден тапсырма бойынша бір әріптен Атырау, Астана, Родина, мектеп, машина, достық, радуга, дәптер деген сөздерді құрастырады . Спорттық - командасына жүгіріп қайтады

5. Эстафета

Спорттық – фитбол шарының үстіне отырып , 5 метр қашықтықтағы допқа дейін алға секіріп, допты қолына алып тор себетке жүгіріп дейін барады.
Интеллект – тапсырма бойынша команданың әр мүшесі жұмсақ ойыншықтан жасалған үй жануарлары және жабайы хайуанаттарды айырып, тор себетке салуы керек.
Спорттық – әр қатынасушы командасына жүгіріп оралады.

6. Эстафета

Спорттық - командалар бір –бірінің белінен ұстап 2 метр сайын койылған кеглидің арасымен кубиктерге дейін жыланша жүгіріп барады .
Интеллект - әр команда шашылып жатқан кубиктерден төртбұрыш жасайды.
Спорттық – тапсырманы орындағанан кейін кері қарай бір- бірінен ұстап кеглидің арасымен жыланша жүгіріп, мәреге келеді.
Шара әр баланы жан-жақты дамытудың негізгі факторы бола алатындығына сенімді болғандықтан, аймақтық орталық осы жарысқа үлкен көңіл бөліп республикалық деңгейде өткізуге ұсынады.
Ескерту: Жарысқа 5 ұл, 5 қыз баладан қатынасады. Командалардың қолдау тобының (группа поддержка) киімі, плакаттары болуы керек.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Құлназаров А.К., Жекенов С.С.–Қазақстан Республикасы дене тәрбиесі және спортты ұйымдастырудың әдістемелік құралы. Алматы, ТОО «Издательство LEM”, 2008г. 240 бет
2. Л.И.Орехов, А.К.Кульназаров, В.А.Сарокин, Е.Л, Караева. Основы здорового образа жизни. – Изд. «Арыс» - 2007

Резюме
Организация здорового образа жизни детей в дошкольном учереждении.

 

© 2010 г. Дизайн Даулетов Алпамыс Сырымович