Календарь 

Онлайн переводчик SANASOFT

«Болашаққа-білімді, дені сау ұрпақ!» ұранымен 1-10 сынып оқушыларының арасында  республикалық спорттық – интеллектуалдық эстафетаны өткізу БАҒДАРЛАМАСЫ

 1 сынып

Спорттық тапсырма: қатысушы матадан жасалған туннельден өтіп,  кеглидің арасымен жүгіріп, компьютерге  дейін  барады.

Интеллектуалдық тапсырма: компьютердің мониторында көрсетілген ұяшықтағы бір нөмерді таңдап, жалпы білім беретін пәндер бойынша сұраққа дұрыс жауап береді.

Спорттық тапсырма: ұл бала тапсырма кері қарай өзгеріссіз орындап, эстафетаны қыз балаға береді.

Спорттық тапсырма:   ұл  бала 15 метр ара қашықтықта велосипедпен белгіге дейін барып, сонан соң компьютерге дейін  жүгіріп барады.       

Ителлектуалдық тапсырма: компьютердің мониторында көрсетілген ұяшықтағы бір нөмерді таңдап, жалпы білім беретін пәндер бойынша сұраққа дұрыс жауап береді.                                                                                                                                                                   

Спорттық тапсырма: ұл бала тапсырманы кері қарай өзгеріссіз орындап, эстафетаны қыз балаға береді.

 2 сынып

 3 сынып

Спорттық тапсырма: ұл бала «Лабиринт» кедергісінен өтіп шығып, компьютерге дейін  жүгіріп барады.

Интеллектуалдық тапсырма: ұл бала компьютердің мониторында көрсетілген ұяшықтағы бір нөмерді таңдап, жалпы білім беретін пәндер бойынша сұраққа дұрыс жауап береді.

Спорттық тапсырма: ұл бала тапсырма кері қарай өзгеріссіз орындап, эстафетаны қыз балаға береді.

4 сынып

Спорттық тапсырма: ұл бала гимнастикалық секіртпемен (скакалка) басынан бастап аяғынан айналдыра секіріп, ортадағы сызыққа дейін жүгіріп барады, кейін секіртпені шығыршықтың (гимнастикалық обруч)  ортасына тастап, компьютерге дейін жүгіріп барады.   

Интеллектуалдық тапсырма: компьютердің мониторында төрт көрсетілген екі таңбалы сандарды есте  сақтап, (мысалы: 49, 53, 85, 96 т.б) дұрыс жауабын көрсетеді.

Спорттық тапсырма: ұл бала қапшықты беліне дейін киген күйінде командасына секіріп қайтып, эстафетаны қызға береді.

5 сынып

Спорттық тапсырма: ұл бала самокатты тебе отырып, кеглидің арасымен өту арқылы белгіге дейін барып, компьютерге дейін жүгіреді.             

Интеллектуалдық тапсырма: компьютердің мониторында үш көрсетілген үш таңбалы сандарды есте  сақтап,  (мысалы: 473, 572, 584, т.б.) дұрыс жауабын көрсетеді.

Спорттық тапсырма: ұл бала тапсырма кері қарай өзгеріссіз орындап, эстафетаны қыз балаға береді.

6 сынып

Спорттық тапсырма: ұл бала хоккей клюшкісімен допты кеглилердің арасымен жылжытып, клюшкі мен допты шығыршықтың (гимнастикалық обруч)  ішіне салады да, компьютерге дейін жүгіріп барады.

 Интеллектуалдық тапсырма:  компьютердің мониторында көрсетілген ұяшықтағы бір нөмерді таңдап, жалпы білім беретін пәндер бойынша сұраққа дұрыс жауап береді.

Спорттық тапсырма: ұл бала  баскетбол добын кеглидің арасымен жерге соға жүгіріп, допты шығыршықтын (гимнастикалық обруч) ішіне салады да, эстафетаны қыз балаға береді.

 7 сынып

Спорттық тапсырма: ұл бала гимнастикалық матыға дейін жүгіріп барып, 2 рет баспен алға қарай домалап, содан кейін  ағаш аттан (козелдан) секіреді де, компьютерге дейін жүгіріп барады.

Интеллектуалдық  тапсырма:  компьютердің мониторында көрсетілген ұяшықтағы бір нөмерді таңдап, жалпы білім беретін пәндер бойынша сұраққа дұрыс жауап береді.

 Спорттық тапсырма:  тапсырма кері қарай өзгеріссіз орындап, эстафетаны қыз балаға береді

 8 сынып

Спорттық тапсырма: ұл бала футбол добын кеглидің арасымен аяғымен алға жылжыта теуіп, допты қолмен шығыршықтың ішіне салады, содан кейін компьютерге дейін жүгіріп барады.  

Интеллектуалдық тапсырма:  компьютердің мониторында көрсетілген ұяшықтағы бір нөмерді таңдап, жалпы білім беретін пәндер бойынша сұраққа дұрыс жауап береді.

 Спорттық тапсырма:  баскетбол добын жерге соға жүгіріп келіп, бір мәртеден себетке (кольцо) дәл түсіру керек.          

                                                                                  9 сынып

Спорттық тапсырма: ұл бала ләңгіні бір мәртеден 5 рет аяқпен тебеді, содан кейін бір қатарда құрылып тұрған асықты бірінші тигізгенге дейін  үш мәрте  атады да, компьютерге дейін жүгіріп барады.   

Қыз бала еденде жеті шаршыдан сызулы тұрған «классик» ойынының үстімен секіріп, бірінші шаршыға бір аяқпен секіріп, содан кейін екінші қатардағы қос шаршыға екі аяқпен тең түсіп, дәл осылай қалған шаршылардан өтіп шығып, содан кейін бірден  онға дейін сызулы тұрған шаршы  классик ойынын бір аяқпен,  макты бірінші шаршыдан, бесінші шаршы аралығында жылжыту арқылы ойнап шығады да, компьютерге дейін жүгіріп барады.   

7

5

6

4

2

3

1

  Интеллектуалдық тапсырма: компьютердің мониторында көрсетілген ұяшықтағы бір нөмерді таңдап, жалпы білім беретін пәндер бойынша сұраққа дұрыс жауап береді.

Спорттық тапсырма: ұл бала тапсырманы кері қарай өзгеріссіз орындап, эстафетаны қыз балаға береді.

                                                                    10 сынып

Спорттық тапсырма: Мәреде тұрған ұл бала газтұмылдырғышты киіп, үстелге жүгіріп келеді, газтұмылдырғышты шешіп сөмкеге салады да, Калашников автоматын бөлшектеп, содан кейін компьютерге дейін жүгіріп барады

Интеллектуалдық тапсырма:  компьютердің мониторында көрсетілген ұяшықтағы бір нөмерді таңдап, жалпы білім беретін пәндер бойынша сұраққа дұрыс жауап береді

Спорттық тапсырма:  тапсырма кері қарай өзгеріссіз орындап, , эстафетаны қыз балаға береді.

Ескерту: Жарысқа  1-10 –шы сыныптардан 1 ұл, 1 қыздан қатынасады.

                 Барлығы: 10 ұл, 10 қыз қатысады.

                 Эстафетаны бірінші болып ұл балдар бастайды.

© 2010 г. Дизайн Даулетов Алпамыс Сырымович