Календарь 

 

Онлайн переводчик SANASOFT

 

Атырау облысының жалпы білім бертін мектептерде дене тәрбиесінің жаңа инновациялық технологиясын енгізу ерекшеліктері жөнінде  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым   министрлігінің Дене тәрбиесі Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бекітуімен жалпы білім мектептерінде және облыстық оқу орындарында   оқушылардың дене дамуын  жетілдіру және  дамыту, антропометриялық, психологиялық, дене –күш жағдайын анықтау үшін 2007 жылы  Атырау аймақтық  дене тәрбиесін және спортты дамыту орталығы кешенді ғылыми топ  (КҒТ) құрды. КҒТ-ның облыстық ғылыми басшысы – Х.Досмұхамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., р.е.с.т. профессор Алпысбай Сейтқалиұлы Аралбаев   тағайындалды.

 

Жобаның мақсаты.

 

«Дене тәрбиесі және спорт» ұлтымыздың денсаулығын сақтайтын және жетілдіретін бірден-бір құрал екені  белгілі. Ғылыми кешенді топ. Сонымен  қатар «Дене тәрбиесі және спортты дамыту» Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасына енгізілген. Сондықтан жалпы білім беру мектептеріндегі дене тәрбиесін және спортты ұйымдастыру және дамыту жолдарын зерттеу аса маңызды. Жоба мақсаты: Атырау облысында білім беру жүйесіндегі жалпы білім беру мектептерде дене тәрбиесі және спортты ұйымдастыру, дамыту жолдарын көздейді.

 

Негізгі міндеттер:

Зерттеу жұмыстары, ауыл және қала мектептеріндегі дене тәрбиесін және спорттық шараларды ұйымдастыру жолдарын зерттеу негізінде, келесі міндеттерді шешуді көздейді.

 

1.1. Жалпы білім беру мектептерінде «Дене тәрбиесі және спортты» ұйымдастыру және дамыту» туралы жазылған жақын және алғыс шет елдеріндегі әдебиеттерімен танысу.

 

1.2. Ауыл және қала мектептерінің материлды техникалық базысымен, қажетті құрал-жабдықтармен, арнайы мамандармен қамтамасыз етілуімен және дене тәрбиесі сабақтарының өтілуі мен спорттық шаралардың ұйымдастырылуымен танысу.

 

1.3. Ауыл және қала мектептері оқушыларының (ер балалар, қыздар) дене шынығу дайындығын және дене даму деңгейлерін анықтау.

 

1.4.Оқушылардың дене шынығу дайындығы және дене дамуы жөніндегі мәліметтер бойынша сабақ жүргізудегі жаңа инновациялық технологиялар негізінде арнайы әдістемелік нұсқаулар құрастыру, оқу үдірісіне енгізу.

 

1.5. Жиналған материалдар негізінде мақалалар, брошюрлар, әдістемелік құралдар, оқулықтар жазу.

 

1.6. Дене тәрбиесі мұғалімдерінің, спорт әдіскерлерінің, оқытушы-жаттықтырушылардың біліктілігін жоғарлату семинар курсын өткізу.

Күтілетін нәтижелер:

- Жалпы  білім беру мектептеріндегі «Дене тәрбиесі спортты ұйымдастыру және дамыту» бағдарламасының орындалуы туралы мағұлмат алу.

- Жалпы білім беру мектептерінің материальды техникалық базасымен, қажетті құрал –жабдықтармен спорттық шаралардың ұйымдастыруымен және арнайы мамндармен қамтамасыз етілу жағдайын анықтау.

- Атырау облысындағы мектептерде оқитын оқушылардың дене шынығу дайындығы және дене даму деңгей жөнінде толық мағлұмат алу.

-Облысымыздағы ұлдар мен қыздардың дене шынығу дайындығы және және дене даму деңгейі жөнінде бағалау шкаласын жасақтау.

- әр аудан мектептерінің климаттық материалдық жағдайларына және инновациялық технологияларды пайдалану негізінде әдістемеліу нұсқаулар дайындау.

- жинақталған материалдар негізіндегі облыстағы «Жалпы білім беру мектептеріндегі дене тәрбиесі және спортты ұйымдастыру жолдары» атты жинақ шығару.

- дене тәрбиесі мұғалімдерінің, спорт әдіскерлерінің жаттықтырушылардың  біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру.

Күтілетін ғылыми нәтижелер Атырау облысымыздағы жалпы білім беру мектептеріндегі дене тәрбиесін және  спорттық шараларды өз деңгейінде қойылатын талаптарға сай жүргізуіне үлкен мүмкіндік береді. Оқушы ұл, қыздарға Президенттік тест нормаларын орындауға толық жағдай туғызады.

Зерттеу тақырыбына негіздеме, соның ішінде маңыздылығы ғылыми және практикалық жәйі.

Бүгінгі тәуелсіздік Қазақстан Республикасының саяси, әлеуметтік экономикалық дамуына «Дене тәрбиесі және спорттың» қосар үлесі мол. Өйткені, ел Президенті Н.А.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы бағдарламасында мемлекетіміздің дамуының негізгі бағыттарының бірі болып, халқымыздың денсаулығын нығайту жұмыстарын кеңірек жүргізу және салауатты өмір салтын қалыптастыру болып саналады. Халқымыздың денсаулығын нығайтуда және спорт құралдары мен әдістемелерін кеңірек қолдану өте тиімді. Сондықтан да ауыл және қала мектептерінде дене тәрбиесі және спорттық шаралардың ұйымдастырылуын тереңірек зерттеу біздің мақсатымыз.   

 

 

© 2010 г. Дизайн Даулетов Алпамыс Сырымович